Павлодарская область
Екібастұзда апат салдарынан келтірілген шығынды өтеуге өтініштер қабылдануда
Жедел штабтың брифингінде қала тұрғындарына келтірілген шығынның қалай өтелетіні туралы айтылды, деп хабарлайды Экспресс К.
Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин жылу электр орталығындағы апаттан зардап шеккен екібастұздықтардың шығыны қалай өтелетінін айтты.
Қалада 12 жылу пункті бар — оның жетеуінде өтініштерді қабылдайды. Өтініш нақты себептерді және келтірілген зиянды өтеуді көрсете отырып, еркін нысанда жазылады,
Әкім үйдегі жөндеу жұмыстарын өз қаражатына жасатқан тұрғындардан фискалдық түбіртек сақтауды сұрады. Оның айтуынша, комиссия өтінішті қарағаннан кейін келтірілген шығын үш күн ішінде өтеледі.
Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы Олег Крук келтірілген шығынды есептеу әлі басталмағанын айтты.
Қазір апатты жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Жұмыстар аяқталған соң комиссия өз жұмысын бастайды. Қазірдің өзінде өтініштің саны екі мыңнан асты,