Выбор редакцииКарагандинская область

Сәбилі әйелді үйіне дейін жеткізбеген таксиші соққыға жығылды

Қарағанды облысында емізулі балалары бар екі әйелді мекенжайына дейін апарудан бас тартқан жүргізушіні бір топ жігіт таяқтың астына алған, деп хабарлайды Экспресс К.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан жолаушы әйел мен көлік жүргізушісі арасында келіспеушілік туындағанын көруге болады. Даулы жағдайға зер салсақ, нәрестелі әйел көліктен түсуден бас тартқан. Ол орта жолдан қалдырып кеткен таксишіден жол ақысын қайтаруды талап етіп, өздерін басқа машина алып кететінін айтады. Видео соңында соққыға жығылған жүргізушінің өз әрекеті үшін кешірім сұрағаны көрсетіледі.

 

Қарағанды облысы, Теміртау қаласы. Такси жүргізушісі жас сәбиі бар әйелдер алдында артық сөйлеп қойып, сол үшін жергілікті братвадан сыбағасын алды

 

—деп жазылған видео астына.

 

Бейнежазба тәртіп сақшыларының назарынан да тыс қалмаған. Облыстық ПД баспасөз қызметі бұл деректің тіркеуге алынғанын айтты.

 

Полиция қызметкерлері осы оқиғаға қатысушылардың бәрін анықтады. Қазір тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр,

— деп қысқа қайырды баспасөз қызметіндегілер.

 

Ал әлеуметтік желі тұтынушыларының осы оқиғаға байланысты пікірі екіге жарылды. Бірі әйелдерді жақтап шықса, енді бірі таксишіге әлімжеттік жасаған бір топ еркектің әрекетін сынға алған.

Другие новости

Back to top button