Павлодарская область
Павлодарда басына оқ тиген жас жігіттің денесі табылды
Павлодар қаласындағы көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерден басына оқ тиген ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Telegram желісіндегі каналындардың бірінде мәлім етілгендей, 14 қараша күні пәтерден басына оқ тиген 23 жастағы жігіттің мәйіті табылған.
«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаментінен.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің өзге дерегі жарияланбады.