Шымкент

Шымкентте той үстінде оқ атылды

Шымкентте келін түсіріп жатқан үйде отшашумен бірге оқ атылды. Полиция оқиға орнында екі автоматты тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел уәкілдерге тойлардың бірінде атыс қаруын қолданылғалы жатқаны туралы ақпарат түскен. Оқиғаның мән-жайын тексеру үшін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жасырын барды. Сағат 00:00 шамасында екі тұрғын аспанға автоматтан оқ ата бастаған. Тәртіп сақшылары оларды қамауға алды.

Олардан нөмірлері өшірілген АКСУ-47 автоматы мен АК-74 автоматы тәркіленді. Криминалистер тағы жиырма шақты гильза тапты.

Другие новости

Back to top button