Выбор редакцииЖетысуская область

Жетісу облысында толғатып жатқан әйелді ауруханаға жеткізбек болған жедел жәрдем көлігі өртенді(ВИДЕО)

Оқиға 8 қараша күні “Алматы-Өскемен” тасжолында болған

Жетісу облысы Қабанбай ауылынан Үшарал қаласының ауруханасына шыққан жедел жәрдем көлігінен ақау шыққан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Көліктің төменгі бөлігінде өрт шығып, жедел жәрдем қозғалысын жалғастыра алмады. Қабанбай ауылынан толғатып жатқан жүкті әйелді дәрігерлер Үшарал қаласына жеткізбек болғаны белгілі болды. Біздің қызметкерлер Айдын Ғазизов пен Данияр Жақсыгелдинов әйелді дереу полиция патрульіне отырғызып, жедел түрде ауруханаға жеткізді, онда әйелге қажетті көмек көрсетілді», — деді Жетісу облысы ППБ бастығының орынбасары Абылай Беркендіков.

Другие новости

Back to top button