Выбор редакцииТуркестанская область

Қарызын қайтармас үшін көршісін өзенге алдап шақырып, жардан құлатып жіберген

Түркістан облысындағы Ақсу өзенінен табылған әйелдің өлімі туралы тың деректер ашылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде полиция баспасөз қызметі мәлімдеді.

10 қазанда Төлеби ауданының полиция бөліміне Ақсу өзенінде мәйіттің табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Оқиға орнына бірден полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шықты. Полицейлер қаза тапқан адамның жеке басын анықтады, ол Төлеби ауданының тұрғыны болып шықты. Сондай-ақ Шымкент қаласы ПД Еңбекші АПБ-ға әпкесінің хабар-ошарсыз кету дерегі бойынша туыстары арызданғаны белгілі болды», — делінген полиция мәліметінде.

Аталған жайт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігімен (Адам өлтіру) қылмыстық іс тіркелді және сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер осы қылмысты жасады деген күдікпен жәбірленушінің көршісі болған Төлеби ауданының тұрғынын ұстады.

«Белгілі болғандай, ақшалай қарыз қылмысқа себеп болған. Қарызды қайтармау үшін күдікті көршісінен құтылуға шешім қабылдап, алдау арқылы жәбірленушіні Ақсу өзеніне апарып, жартастан итеріп жіберген. Алған жарақаттарынан әйел қылмыс орнында қайтыс болған», — деп қосты полиция.

Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін толық мойындап, бұл әрекетіне өкінетінін жеткізді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Другие новости

Back to top button