Жемістерге жасырын түрде вакциналар қосылып жатыр»: Ақпарат желіні шулатты
Әлеуметтік желілерде Қазақстанда 2000 жылы вакцинаға қарсы шыққан азаматтарды егу үшін жеміске жасырын түрде вакциналар қосылып жатқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Stopfake.kz .
Алматының супермаркеттері мен дүкендерінде зиянды қоспалары бар жеміс-жидектер сатылуда
«Роликте The Guardian порталындағы мақаланың скриншоты көрсетілген, оның тақырыбын «Гендік-модификацияланған жемістердегі вакцина В гепатитін жоя алады» деп аударуға болады.
Мұндай мақала шынымен де бар. Ол 2000 жылдың 8 қыркүйегінде жарық көрді және ол нақты препарат емес, сынақтар туралы.
Сондай-ақ мәтінде жеуге болатын вакциналар 1990 жылдары әзірлене бастағаны туралы айтылады. Идея иммундық реакцияны тудыруы және белгілі бір ауруға қарсы вакцина ретінде әрекет етуі мүмкін гендік-модификацияланған өсімдік немесе жануар өнімдерін жасауға негізделді», – деп жазылған.
Мәліметке сүйенсек, жеуге болатын вакциналарды жасау өте қиын.
«Бүгінде, осы салада зерттеулер басталған 30 жылдан соң, әлемде тырысқақ, қызылша, энтеровирусты везикулярлы стоматит және В, С және Е гепатиттеріне қарсы жеуге болатын вакциналар бар. Алайда олардың барлығы әртүрлі сынақ кезеңдерінде, ал кейбірі әлі күнге дейін адамдарда сыналмаған – тек зертханалық жануарларда ғана. Жеуге болатын вакциналардың ешқайсысы әлі нарыққа шығарылған жоқ және оны алу мүмкін емес. Демек, тараған ақпарат – манипуляция. Жеуге жарамды вакциналар бүгінгі күнге дейін әзірлік сатысында. Олардың көмегімен қашан, неден және қалай егілуге болатыны белгісіз. Қазіргі кезде дүкендер мен базарларда сатылатын жемісте вакциналар жоқ», – деп қорытындыланған хабарламада.