Абайская область
Абай облысында бір отбасы ыстан уланды
Көміртегі тотығымен улану мұржаның дұрыс тазаланбауынан болған
Абай облысы Бородулиха ауданында бір әйел бес баласымен бірге көміртегі иісіне уланып аудандық аурухаға жеткізілді, деп хабарлайды Semeynews.kz .
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы жылдың 16 қазанында сағат 23:40-та Бородулиха ауданының орталық ауруханасына көміртегі тотығымен орташа дәрежелі улануы диагнозымен бүтін бір отбасы түсті деген ақпарат келді.
5 баланың және аналарының жағдайы тұрақты, олар дәрігерлердің бақылауында болды. Таңертең үйлеріне жіберілді.
Көміртегі тотығымен улану мұржаның дұрыс тазаланбауынан болды.