Павлодарская область
Павлодардағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды
Павлодардағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.
Ресми мәліметке сәйкес, 16 қазанда түнгі сағат 00.54-те жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына мейрамхананың алдында болған төбелес түсіп қалды. Орталық мамандары бірден автопатрульге хабар берді.
Оқиға орнына барған полицейлер жанжалдың барлық қатысушысын ұстады. Әрбіреуі ұсақ бұзақылық пен тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартылды.
Айта кетері, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) мен 437-бабы (Тыныштықты бұзу) бойынша 5 айлық есептiк көрсеткiш (15 900 теңге) мөлшерiнде айыппұл немесе он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу жазасы қарастырылған. Сот шешім шығарады.