Шымкентте құрылыс орнында жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, сотқа дейінгі тергеп-тергеу жұмысы басталған.
«Аталған фактіні Қаратау ауданының Полиция басқармасы ҚК-тің 277-бабымен «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу» СДТБТ-не тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттерін бастады», — делінген хабарламада.
Қылмыстық іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.