Социум

Синоптиктер 15 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды

Синоптиктер еліміз бойынша15 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тек республиканың батысында, солтүстік-батысында Қара теңіз аймақтарынан келетін циклонның әсерінен жаңбыр жауады. Республиканың оңтүстік-шығысында жел күшейеді, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте тұман күтіледі.«Қазгидромет» РМК

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан шығысқа ауысатын желдің күші түнде 2-7, күндіз 5-10 м/с болады. Ауа температурасы: түнде +2…+4°С, күндіз +16…+18°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы: түнде +9…+11°С, күндіз +22…+24°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан, оңтүстік-батыстан күші 8-13 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы: түнде +9…+11°С, күндіз +25…+27°С.

Другие новости

Back to top button