Госорганы

Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина президентімен кездесті

Мемлекет басшысы екіжақты байланыстарды одан әрі дамытуға ниетті екенін айтты

Мемлекет басшысы АӨСШК-тің VI саммиті аясында Палестина президенті Махмуд Аббаспен кездесу өткізді, деп хабарлайды  Ақордағ.

Президенттер Қазақстан мен Палестина арасындағы өзара іс-әрекетті дамыту перспективаларын қарастырып, қазіргі заманның өзекті сын-қатерлері мен үрдістері туралы пікір алмасты.

Мемлекет басшысы екіжақты байланыстарды одан әрі дамытуға ниетті екенін айтты.

Өз кезегінде Махмуд Аббас Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы қабылдағаны және саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты. Палестина президенті саммитте қабылданатын шешімдер мен қол қойылатын құжаттар өзара ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Другие новости

Back to top button