Костанайская область
Қостанай облысында ер адам куәгерлердің көз алдында суға батып кетті
Қайғылы оқиға 27 шілде күні сағат 21:30-да Лисаков қаласында болған
Қостанай облысында ер адам куәгерлердің көз алдында суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Lisakovsk.life паблигінің жазуынша, қайғылы оқиға 27 шілде күні сағат 21:30-да Лисаков қаласында болған.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам суға түскен соң біршама қашыққа жүзіп барған. Артынша көмек сұрағанын айқайлағанда екінші ер адам оны құтқармақ болып жүзіп жеткенде, бәрі кеш болған.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем жұмыс істеп жатыр.