Өскеменде май зауытында өрт шықты
Өскеменде Путевая көшесінде май зауытының аумағында өрт шықты, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт сөндірушілер келген уақытта қазандықтың, цехтың шатырының ағаш конструкциялары, көлемі 40 және 70 текше метр күнбағыс қабығы бар екі бункер жанып жатқан.
«Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекетінің арқасында шамамен 150 шаршы метр аумақта өрт оқшауланды. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 47 адам мен 10 техника жұмылдырылды», — деп хабарлады облыстық ТЖД-да.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.
Жалпы, Шығыс Қазақстан облысындағы төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, бір тәулік ішінде департаменттің бөлімшелері 57-ден астам шақыруға барған. Сондай-ақ, өрт сөндіруге жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, шаруа қожалықтарының күштері мен құралдары жұмылдырылып, бұл 120-дан астам техника мен 700-ге жуық адамды құрады.
Өртті сөндіруге әкімдіктің, орман мекемелерінің, Ұлттық ұланның, қорғаныс министрлігінің күштері, әкімдіктің МИ-8 тікұшағы да қатысты