Госорганы

Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын демаркациялау жөніндегі комиссия отырысы өтті

Комиссияның келесі отырысы Ресейде өтеді

2022 жылғы 3-7 қазанда Алматы қаласында Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз жиырма екінші отырысы өтті, деп хабарлайды, Azattyq Rýhy.

«Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын қарастыруды және бекітуді жалғастырды, 2023 жылға арналған камералдық жұмыстар жоспарын бекітті, сондай-ақ алдағы жылы далалық жұмыстар жоспарын талқылады», — деп көрсетті ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Комиссияның келесі отырысы 2022 жылдың қарашасында Ресей Федерациясының аумағында өтеді.

Другие новости

Back to top button