Шымкент

Шымкентте белгісіз біреулер дәмханаға келушілерге оқ атқан

7 қазанға қараған түні Шымкенттегі дәмханада атыс болды. Қалалық полицейлер Zakon.kz сайтына жәбірленушінің бар екенін хабарлады. Ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Қалалық полицияның хабарлауынша, белгісіз біреулер қарудан оқ атып, келушіні жаралаған.

Кейін олар оқиға орнынан қашып кеткен. Жаралы жансақтау бөлімінде жатыр.

Департаменттің хабарлауынша, аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабы «Адам өлтіруге оқталу» бойынша Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сонымен қатар жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер ВАЗ-21014 көлігін тіркегені айтылады.

Салоннан патрондары бар екі мылтық табылды. Қазір күдіктілерді ұстау шарасы жүргізіліп жатыр.

Другие новости

Back to top button