Денсаулық

«Улану қаупі бар»: Диетолог қандай тағамдарды мұздатуға болмайтынын айтты

Медицина ғылымының докторы, диетолог-дәрігер Марият Мухина Sputnik радиосына берген сұхбатында қандай азық-түлік өнімдерін мұздатуға болмайтынын айтты.

Азық-түліктерді мұздату – сақтау мерзімін ұзартудың белгілі тәсілі. Әдетте адамдар мұздатқышта тез бұзылатын азық-түлік өнімдерін, сондай-ақ қыс мезгіліне дейін балғын күйде тұруы үшін жидектерді, жемістер мен көкөністерді сақтайды.

Дегенмен, диетолог Марият Мухинаның айтуынша, көптеген тағам мұздатылған кезде тағамдық құндылығын жоғалтуы мүмкін.

«Аскөк сынды жасыл шөптерді мұздатып қажеті жоқ, бұл жағдайда ондағы хлорофилл бұзылады, құрамындағы витаминдер мен антиоксиданттық белсенділік жойылады. Құрамында тек жасұнық қалады. Суға бай көкөністерді, яғни қияр, қызанақ және кәдіні де мұздатуға болмайды. Улану қаупі бар. Өнімдер жібіген соң беріктігін, икемділігін жоғалтады, сондықтан оларды сол күйі тұтынуға болмайды, тек ыстық тамаққа қосады. Бананды да мұздатудың қажеті жоқ: жібігеннен кейін ол жай шөп болып қалады. Одан кейін оны тәтті нан пісіруге немесе смузи жасау үшін ғана пайдалана аласыз», – дейді ол.

Диетологтың сөзінше, өнімді мұздатқаннан кейін оның құрамындағы ақуыздың құрылымы да өзгеруі мүмкін.

«Мұздатылған кезде ақуыздың денатурациясы жүреді. Қышқыл сүт өнімдерін де мұздатуға болмайды, өйткені, жібігеннен кейін ол сапасыз айран секілді болып қалады. Ірімшікті де мұздатпаған жөн, әйтпесе оны тек нан пісіруге немесе тамаққа ғана қолдана аласыз. Ал балғын күйде қолдана алмайсыз, өйткені мұздатылғанда органолептикалық қасиеттері жойылады», – дейді Марият Мухина.

Диетолог бадам, жержаңғақ және жаңғақ сынды кептірілген жемістерді де мұздатқышта сақтауға кеңес бермейтінін айтады.

«Бадам, жержаңғақ, жаңғақтың құрамындағы көп қанықпаған май қышқылдары мұздатылған кезде өзінің белсенділігін жоғалтады, яғни мұздатқаннан кейін жаңғақ қоспасы онша сапалы болмайды», – дейді Марият Мухина.

Другие новости

Back to top button