Западно-Казахстанская область
Оралда 10-сынып оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды
Қайғылы оқиға 4 қазан күні болған
Оралда 10-сынып оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды. Қалалық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 4 қазан күні Зачаган кентіндегі №10 жалпы орта білім беретін мектепте болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«2007 жылғы ұл бала сағат 07:45-те мектепке келген. Сынып оқушыларымен бірге сабаққа дейін дәлізге шығып, сөйлескен. Сосын 08:00-де сынып бөлмесіне кірген. Балалардың барлығы орындарына отырып, сабаққа дайындалып жатқан кезде ол отыран жерінде құлаған. Сол мезетте жедел жәрдем шақырылғанымен, жасөспірімді құтқарып қалу мүмкін болмады»,- деп хабарлады ведомстводан.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиғаны растап, жедел жәрдемнің сағат 08:09-да шақырылғанын жеткізді.