Туркестанская область

Түркістан облысында қызғаншақ күйеуі әйелін темір іш киім киюге мәжбүрлеген

Түркістан облысындағы Жібек жолы ауылында ер адам қызғаныштан әйелін темірден жасалған іш киюге мәжбүрлеген, деп хабарлайды  Otyrar басылымы. 

Жағаұстатарлық жағдай туралы Сарыағаш ауданы әлеуметтік-психиологиялық қамсыздандыру қызметінің меңгерушісі Марат Тарақтиев айтты. Сөзінше, ер адам әйеліне сенбегені сонша, ұрып қана қоймай, сымтемірден жасалған іш киім жасаған. Әйелі түнгі ауысымға шыққанда темір іш киімді киюге мәжбүрлеген. Ал үйіне оралған соң шешіп, жарын тексерген.

Марат Тарақтиев Сарыағаш ауданында 88 тұрғынның тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтады. Олардың 74-і әйел болса, 14-і ер адам. Ал Жібек жолы ауылдық округінде 15 әйел ауруханаға түскен.

 

Другие новости

Back to top button