Дежурный по стране

ҚАЗАҒЫҢА — ҚИЫН, ОРЕКЕҢЕ — ОҢАЙ

Нұрлан Жанай - энергокоуч

Біз қазақ бола тұра Қазақстан азаматтығын ала алмай 10-15 құжат жинаған шығармыз. Азаматтықты ала алмай 5 жыл жүрдік. Мен университетке грантқа 2009 жылы түстім, ал азаматтықты 2014 жылы ғана алдым.

Халыққа қызмет көрсету орталығындағы мамандардың мәдениетсіздігі мен көші-қон полициясындағылардың дөрекілігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бітпейтін анықтамалардан бастап, мектеп бітірген аттестатың мен лицей бітірген дипломыңнан бастап барлық құжаттарыңды орысшаға аудару (қазақшаға емес), сосын нострификация, тағы бірдеңе деген Астана арқылы шешілетін құжаттар бар. Бәрібаев-Гоголь көшесіндегі Өзбекстан консульдығының жанында күні-түні кезекте тұрушы едік. Алыстан келгендер сол жерден пәтер жалдап, айлап қонатын. Сол кездерді еске алсам, жылағым келеді…

Өзбекстаннан келген қазақтардың қорлығын жазсаң, бір трагедиялық кітап болады. Бізден де ауыр қиналатын Қытайдан келетін қазақтар. Ең көп қазақ келген екі ел болса, бірі — Өзбекстан, екіншісі — Қытай. Екі жақтың қазақтарын 100% сырттың қазағы деп айтуға да келмейді. Кезінде ата-бабасының жерінде отырып, заман ауысқанда басқа елде туып қалған қазақтар өте көп. Бұған қазақтар кінәлі емес, әрине!

Қазақтарды әуре-сарсанға салып, анда-мында жүгіртіп, жылдар бойы құжат жинатуға миы, шамасы, деңгейі жеткен біздің билік неге соғыстан қашып, өз Отанын тастап қашқан ресейліктерге Қазақстанда оңай өмір сүретін мүмкіндік беріп жатыр? Мобилизациясына адам жетпей жатса, шекарадан елдеріне қайтармай ма (Путинге тигізген пайдасы болсын)? Егер қайтара алмаса, Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Көші-қон полициясы неге бізге көрсеткен ит қорлықты оларға көрсете алмайды?

Қазақтарды қинаған билік неге ресейліктерге жалтақтайды? Неге біз әлі құлдық санадан шықпадық? Қашан біздің билік қазақтардың мүддесін бірінші орынға қояды? Короновирусты сылтаулап, неге шекараны жаппайды? Кезінде Өзбек пен Қырғызға жабылған шекара неге Ресейге келгенде қауқарсыз?

31 жылда Қазақстанға шет елдерден 1.1 млн қазақ қоныс аударыпты. Ал 2022 жыл басынан 1.6 млн ресей азаматы қашып келген. Қазақтар айына 3000-нан көшіп келсе, орекеңдер айына 200 000-нан қашып кіріп жатыр.

ҚАЗАҒЫҢА — ҚИЫН, ОРЕКЕҢЕ — ОҢАЙ 😢😢😢

Энергокоуч Нұрлан Жанайдың желідегі жазбасы

 

Другие новости

Back to top button