Павлодарская область

Павлодарда электр энергиясын тарататын компания 583 млн теңгеге алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады

Қаржы мониторингі агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті қаладағы электр энергиясын жеткізу және таратумен айналысатын компанияға қатысты монополистік әрекет белгілеріне байланысты тексеру бастады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Кәсіпорынның 2019-2020 жылдардағы есептілікке сенімсіз кәсіпорындармен 583 млн теңгеден астам сомаға жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша мәмілелер жасалғаны туралы күдік бар. Бұл, өз кезегінде, көрсетілген мерзімде тарифтік жоспардың өсуіне әсер етуі мүмкін», — делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

«Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді», — делінген хабарламада.

 

Другие новости

Back to top button