Тері қатерлі ісігін уақытында қалай тануға болады
Жазда күн астында жүреміз, арнайы шомылып, күнге күйеміз. Күн сәулесінде жүруге болады, бірақ сақтық шараларын ұмытпау керек. Бұл туралы дерматолог-онколог Ерлан Асетилла айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Күнге күю қаупі неден және тері қатерлі ісігін уақытында қалай тануға болады?
Маманның айтуынша, күн сәулесінің пайдасы мол, ол көңіл-күйді жақсартады. Себебі ағзамызда D дәрумені пайда болады. Бірақ шамадан тыс ультракүлгін сәулесі денсаулыққа канцерогенті әсер етуі мүмкін. Себебі күннің ультракүлгін сәулесі түскенде немесе жасанды күнге күю кезінде теріде қатерлі ісікке дейінгі өзгерістер пайда болуы ықтимал.
Таңертеңгі сағат 10.00-ге дейін және күндізгі 17.00-ден кейін күн астында жүруге болады. Ал тал түс кезінде, күн сәулесі аса қатты түсетін уақытта өзіңізді қорғауыңыз керек. Ең жақсы қорғаныс: баскиім, көзілдірік, қолшатыр, ұзын жеңдеңді киім, көліңке және тағы басқалары. Есіңізде болсын, кремдер терінің қатерлі ісігінің пайда болу қаупін төмендетпейді. Олар теріні күн сәулесінен қорғайды, бірақ күші аз. Ал дұрыс таңдалған киім қатерлі ісіктің даму қаупін төмендетеді, – деп ескертті дерматолог-онколог Ерлан Асетилла.
Онколог күнге күйіп қалу қауіпті екенін түсіндірді.
Күйік – із-түссіз, кетпейтін жарақат. Қатерлі ісік 1-2 күнде пайда болмайды, ол өте ұзақ сатылы процесс. Сау жасушаның қатерлі ісікке айналуы үшін оның генетикалық ішкі құрылымында бірнеше рет өзгеріс болуы керек. Кейде ол ондаған жылдарға созылады.
Дәрігер Ерлан Асетилла
Дәрігер тері қатерлі ісігінің бірінші кезеңінде науқастардың 96-99%-ы толық емделетінін айтты. Көп жағдайда бұл ісіктер хирургиялық әдіспен немесе фотодинамикалық терапиямен сәтті емделеді.
Ісіктің мөлшеріне және оның орналасуына қарай емдеу әдісі таңдалады. Емдеудің сәтті шығуы тері қатерлі ісігінің ерекшеліктері мен сатысына, ісік мөлшеріне, метастазалардың болуына немесе болмауына байланысты. Егер науқас аурудың бастапқы кезеңдерінде дәрігерге жүгінсе, онда ауру толығымен, 100% емделеді, – деп қорытындылады маман.