Главное

9 жасар балаға оңаша кездесуді ұсынған: Сексуалды құлдықта ұстады деп айыпталған рэпер P.Diddy-дің құрбандары белгілі болды

Рэпер әрі продюсер Puff Daddy (P.Diddy деген атпен белгілі) рэкет, сексуалды құлдық пен сауда және жеңгетайлық үшін қамауға алынған еді. Енді адвокаттар продюсердің ықтимал құрбандары туралы шағымдардың егжей-тегжейін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қорғаушы Тони Бeзбидің айтуынша, айыптаушы тараптан шамамен 3285 қоңырау қабылданған. Олардың барлығы Шон Комбстың (P.Diddy) құрбаны болғанын айтқан. Тексеруден кейін адвокаттар рэперге қатысы бар сексуалдық зорлық-зомбылық туралы 120 шағымды таңдаған.

Құрбан болғандар 9 бен 38 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер. Олардың көпшілігі қара нәсілділер. Қалғандары азиялық және ақ түсті адамдар. 25 жәбірленуші кәмелет жасына толмаған. Диддидің ықтимал құрбандарының 25-тен астамы штаттарда, яғни Нью-Йорк, Калифорния, Джорджия және Флоридада тұрады. Олар мәлімдеген істер 25 жылдан астам уақытты қамтиды. Зорлық-зомбылық оқиғалары альбом шығару, жаңа жылдық және Puppy party  кештерінде орын алған екен. Қаза болғандардың кейбірінің қанынан қуаты аттың күшіндей күш беретін транквилизаторлар табылған.

Қорғаушы Бузбидің сөзінше, кешке қатысудың құны бір коктейль болған. Келушілерге есірткі қосылған сусынды кіре берісте ішуге тура келген.

«Тағы бір жағдай. Бір ер адам 9 жасында Нью-Йоркте Bad Boy Records (1993 жылы Шон Комбс негізін қалаған лейбл) арқылы тыңдаудан өткен. Оған Шон Комбс және студиядағы бірнеше адамдар жыныстық зорлық-зомбылық жасаған. Осылайша олар келісім шарт жасауға уәде берген”, – дейді қорғаушы.Тағы бір арыз бойынша, Puff Daddy жасөспірімге ата-анасына білдірмей өзімен оңаша кездесіп тұруды ұсынған. Есесіне атақты болатынына уәде еткен. Кездесуде продюсер оны оральды секс жасауға көндіріпті. Тағы бір 15 жасар қыз, кештердің бірінде рэпердің көзінше есірткі тұтынып, зорланған екен.

“Жәбірленушілердің біріне қара түсті көлік ішінде белгісіз сусын берген екен. Келесі күні бойжеткен іш киімсіз және аяқ киімсіз оянған. Ал кеуде аймағынан жарақат байқаған. Тағы бір кәмелет жасына толмаған қыз Майамиде Комбс ұйымдастырған кешке қатысып, жүкті болып қалған. Арызданушы ішімдік ішпеген. Алайда үстелде тұрған сұйықтықтарға бірнәрсе араластырылғанын байқаған. Қыз ертесіне, басқа төсекте оянған”, – дейді қорғаушы.Қорғаушы Puff Daddy-ден басқа аудиторияны дүр сілкіндіретін танымал есімдерді атады. Олар Диддидің  сыбайластары әрі оқиғаны бақылап, ештеңе істемеген куәгерлер.

“Біз бұл жерде адамдардың есімін ғана емес, Комбстың әрекетіне қатысты полицияға зорлық-зомбылық оқиғалары туралы хабарламаған компаниялар – банктер, фармацевтикалық фирмалар және қонақүйлер туралы айтып отырмыз”, – деді қорғаушы.

Сексуалды құлдық пен сауда және жеңгетайлық үшін айыпталған продюсер уақытша ұстау изоляторында кепілсіз сотты күтіп отыр. Оның келесі сот отырысы 9 қазанға жоспарланған.

Айта кетейік, бұған дейін 17 қыркүйекте рэпер әрі продюсер Puff Daddy (P.Diddy деген атпен белгілі) рэкет, сексуалды құлдық пен сауда және жеңгетайлық үшін қамауға алынып, Голливудта үлкен шу шыққан еді. Рэпердің ұйымдастырған кештерінде танымал поп-жұлдыздардың болғаны да мәлім болып, желіде фотолар пайда болған.

Другие новости

Back to top button