Образование

87 мың орын тапшы: еліміздегі жатақхана мәселесі қалай шешіледі?

Жыл соңына дейін 12 жатақхана пайдалануға берілмек

Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек әлі де 87 мыңдай орынға қажеттілік бар екенін мәлімдеп, іске асырылып жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.   

«Қазіргі таңда жатақхана мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Әлі де 87 мыңдай орынға қажеттілік бар. Жылдың соңына дейін 3 808 орынды қамтитын 12 жатақхананы енгізуді жоспарлап отырмыз. Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін университеттермен және құрылыс компанияларымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі жетілдіріледі. Құрылыс материалдары нарығындағы бағалардың тұрақсыздығын ескере отырып, студенттерді жатақханадан орынмен қамтамасыз етуге берілген мемлекеттік тапсырыстың мөлшері мен төлем мерзімі де қайта қаралады», — деді Саясат Нұрбек.

Сондай-ақ, министр жоғары білімді цифрландыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

Мәселен, оқытудың жаңа формасы – онлайн оқыту енгізілген.

 

Другие новости

Back to top button