Социум

72 жастағы марафоншы Сәрсенбай Қотырашев қария енді әлем араламақ

Бұл туралы жиһангез instagram желісіндегі парақшасында жазды

Қазақстанды жаяу аралап шыққан 72 жастағы жиһангез Сәрсенбай Қотырашев енді әлем араламақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сәлем достар! Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы өз өмірімде жаңа қадам бастап, жаяу жүріп өттім. Жүрген жерімде мені таң қалдырған, қуантқан және көптен бастан кешірмеген ерекше эмоцияларға көз жеткіздім. Бірінші экспедициям сәтті аяқталды. Бұл сапарымда жоспарлаған мерзімнен бұрын көздеген межеге жеткен сәтті жетістік болды», — деп жазды марафоншы instagram желісіндегі парақшасында.

Марафоншы алғаш рет Қазақстанның көптеген көрікті жерлерін жүріп өткенін, енді жер шарын айналып шығуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

«Ендігі кезекте, мен оның шеңберінен шығып, жер шарын айналып шығуды жөн көрдім. Өйткені бір жолдың соңы — қашан да жаңа жолдың басы», — деді Сәрсенбай Қотырашев.

Другие новости

Back to top button