Главное

Дәрігер қандай ауруы бар адамдар Ораза ұстай алмайтынын айтты

Дәрігер-терапевт, клиникалық фармаколог Аягөз Тұрсынбай денсаулығында кінәраты бар адамдарға Ораза ұстауға болмайтынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әрине, ораза ұстауға қатысты кесіп шешім айтуға болмайды, ол әркімнің ниетіне байланысты. Алайда маман медициналық көрсеткіштер бойынша бірқатар адам ауыз бекітуден алшақ болғаны жөн екенін айтады.

«Медициналық тұрғыдан ең алдымен жүкті әйелдерге ұзақ уақыт ашығуға болмайды. Себебі, жатырда баланың когнитивті және физикалық кемшіліктер пайда болады. Сонымен қатар, бала емізетін аналар, 14 жасқа толмаған балалар және созылмалы ауруы бар адамдардың да ұзақ уақыт ашығуы денсаулығына зиян тигізу мүмкін», — деді Тұрсынбай.

Оның айтуынша, асқазан-ішек жолдарында жарасы немесе созылмалы гастриті бар адамдардың да Ораза тұтпағаны абзал.

«Онкологиялық аурулар, иммунодефицит, инфекциялық аурулар мен туберкулез кезінде ұзақ уақыт ашығуға болмайды. Созылмалы гастрит ремиссияда болса, ұзақ уақыт ашығу оны өршітіп жіберуі мүмкін. Сондықтан бұл кезеңде сақ болған дұрыс», — дейді Аягөз Тұрсынбай.

Еске салсақ, Рамазан айы 1 наурыздан 29 наурызға дейін жалғасады.

Другие новости

Back to top button