Госорганы

«6 млн теңге аударған»: Алаяқтар журналистерге Сейітқазы Матаевтың атынан хат жаза бастаған

Журналистер одағының мүшелігіндегі журналистердің WhatsApp мессенджерлеріне Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевтың атынан хаттар келіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Дәлірек айтсақ, бүгін әлдекімдер Сейітқазы Матаевтың суретін басты бетіне қойып, әлеуметтік желіде журналистерге бірдей хат жолдаған. Олар алдымен аты-жөніңізді айтып, сөйлесуге уақытыңыз бар ма екенін сыпайы түрде сұрап, біледі.

Осындай хаттардың бірін астаналық сайттың бірінде жұмыс істейтін тілші (есімін атамауды сұрады – ред.) де алған.

«Сөйлесе аласыз ба?» деген хат келді. Кейін менің Журналистер одағына мүше екенімді айтып, тексеріс жүргізілгенін айтты. «Тексеріс нәтижесінде заңсыз аударымдар болғаны анықталды» деп жазды. Кейін «ҰҚК қызметкері хабарласады» деді. Тағы бір белгісіз нөмірмен сол ҰҚК-данмын деп қоңырау шалды. Менің одаққа қашан кірген уақытымды біліп отыр. Кейін «қандай банктерді қолданасыз? Қандай операцияларды жасайсыз? Сіздің атыңыздан біреу шот ашып, 6 млн теңге аударма жасаған екен» деді. Осы жерде күмәндана бастадым. Ол менің жеке ақпаратым екенін айтқан кезде, тұтқаны қоя салды», — дейді ол.

Кейін елордалық тілші банкке хабарласып, өзінің атынан шот ашылғанын растамақшы болған.

«Менің атымнан шот ашылмаған болып шықты. Алаяқтардың мұндай әдіске көшкендері таң қалдырды Сеніп те қалады екенсің. Кейін Сейітқазы Матаевтың өз нөмерін тауып, сіздің атыңыздан хабарламалар келіп жатыр деп ескерттім. Алайда ол кісі тұтқасын көтермеді, хатқа жауап қатпады», — дейді ол.

 

Другие новости

Back to top button