Культура

«6 миллион теңгесі бар гүл»: Әйеліне ерекше сыйлық жасаған алматылық тұрғын жұртты таңғалдырды

Ақжол Жұмағұлов есімді желі қолданушысының жұбайының туған күніне жасаған тосынсыйы әлеуметтік желіге лезде тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Ер адам әйеліне 101 раушан гүлін сыйлаған. Ал әрбір гүлде 100 доллар мен 20 мың теңге оралған. Кадрлардан ол алғашында қорапқа әртүрлі сөз жазылған ашықхаттар мен тәттілер салғаны көрінеді. Креативке толы сыйлық ешкімді бейжай қалдырмаған көрінеді.

Содан кейін әйелі үлкен қорапты ашады. Оның ішіне көп доллар мен теңге салынған.

Желі қолданушыларының басым көпшілігі мәрт жігіттің мұндай сыйлығына таңданысын жасырмаған.

«Ұлымның сен секілді еңбекқор болғанын қалаймыз”, “Енді салық комитетінен хабар күт”, Романтик, мәселе ақшада да емес», «Қандай тамаша көрініс, бақытты болыңдар», «Көз тимесін, бар болыңдар», «Бақытты болыңдар», «Тосынсыйға керемет идея» деп жарыса жазып жатыр.

Тіпті көпшілік қорап пен гүлдің ішінде қанша ақша барын санап та үлгерген. Олардың сөзінше, гүлде 6 миллион теңгеден аса ақша бар, ал қорапта одан да көп болуы мүмкін екенін айтқан.

 

Другие новости

Back to top button