Культура

«5 миллион теңге жабамыз»: Бағлан Әбдірайымов халықтың несиесін төлеп бермек

“Жігіттер” тобының мүшесі, актер, кинопродюсер Бағлан Әбдірайымов несиеден қиналып жүрген жандарға көмектесуге ниетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сәуір айының соңында өнер иесінің “Zero QARYZ” атты киносы жарыққа шықты.

“Zero QARYZ” фильм деп, бір жылға жуық шапқылап жүргенімді жақсы білесіздер! Еткен еңбек далаға кетіп жүргені ішімді ашытатын. Кинотеатрға барып, телефонға түсіріп, сатып, әбден мазаны алып еді. Бұлармен күресіп шаршағанша неге өзім сапалы киномды телеграмға салып сатпасқа деп бел будым”, – деп идеясының қайдан келгенін айтып берді.


Әншінің айтуынша, қарыздан құтылу үшін кино көру керек. Сосын ғана ұтысқа қатыса алады.

“Телеграмнан кино көрген алғашқы 5 адамға 100 000 теңгеден қарызын жауып бердік. Қызық және әсерлі өтті. Оған тікелей эфирде отырғандар куә. Алда әлі 45 адамның 100 000 теңгеден қарызын жабамыз және 4 көлік сыйлаймыз. 5 миллион теңге қарыз жабамын деп өзіме уәде еттім. Сәтін салсын!”, – деп жазды әнші.

Еске салайық, құмар ойынға тәуелді болған жігіттің бастан кешкен оқиғалары баяндалатын фильмді түсіруге 212 миллион теңге жұмсағанын айтқан еді.

Бұған дейін, Бағлан Әбдірайымов әлі күнге дейін құмар ойынның жарнамасына ұсыныс түсетінін жасырмаған еді.

Другие новости

Back to top button