Нур-Султан

5 жастар қызды ұрып өлтірген елордалық азамат өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Сотталушы бұл шешімнің күшін жоюды сұрағанымен үкім өзгеріссіз қалды

5 жасар қызды ұрып өлтірген елордалық азамат өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен жас баланы өлтіру фактісі бойынша айыптау үкімін шығарды. Сотта азаматтың алкогольді ішімдіктерді ішіп, бірге тұратын әйелдің 5 жасар қызына көптеген соққылар келтіріп, одан бала есін жимастан, қайтыс болғаны анықталды», — делінген Нұр-Сұлтан қалалық сотының хабарламасында.

Алқабилер алқасының барлық мүшесі өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолдануға дауыс берді.

Апелляциялық шағымда сотталған адам кінәсіздігіне сілтеме жасай отырып, үкімнің күшін жоюды сұрады.

Сот алқасының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылды, өйткені оның күшін жоюға негіздер анықталған жоқ.

 

Другие новости

Back to top button