Нур-Султан

«49 миллион теңге айыппұл»: Елімізде қоғамдық орындарда түкіргендер әкімшілік жауапкершілікке тартылуда

Елімізде қоғамдық орындарда түкіргендер әкімшілік жауапкершілікке тартылып жатыр. Оларға жалпы сомасы 49 миллион теңгеге айыппұл салынған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

 

Елорданың өзінде көшеде жүріп, түкіргені үшін мыңнан артық адам жазаланған. Оларға жалпы сомасы 49 миллион теңгеге айыппұл салынған.

Полицейлердің мәліметінше, көшеде түкіретіндер әсіресе базарлардың маңында жиі кездеседі. Көбі автокөлік тұрақтарында немесе аялдамаларда көлік күтіп тұрған азаматтар екен.

Тіпті, саябақтарда ұялы телефонмен сөйлесіп келе жатып түкіретіндер көп. Полицейлер қоғамдық тәртіпті бұзғандадың барлығын бейнебақылау камералары арқылы анықтап, жауапкершілікке тартуда.

Айта кетсек, қоғамдық орындарда түкіргені үшін немесе белгіленбеген орындарда қоқыс лақтырған үшін 17 мың теңгеге дейін айыппұл қарастырылған. Құқық бұзушылық қайталанса айыппұл сомасы екі есе өседі.

Бұған дейін Алматыда жолға түкірген BMW жүргізушісі жауапқа тартылған еді.

Другие новости

Back to top button