Госорганы

ТЖМ: Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің толық тізімі 3-4 күнде жарияланады

Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз конференцияда Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Костенко шахтасындағы апаттан қазақ тапқандардың толық тізімі неге әлі жарияланбай жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Kazinform.

«Сіз Үкімет отырысында 46 соңғы шахтердің ықтимал дене қалдықтары табылғанын айттыңыз. Қаза болған кеншілердің толық тізімін қашан жариялайсыздар?» — деп сұрады БАҚ өкілі.

Министрдің айтуныша, бұған әлі 3-4 күн керек.

«Қазір кейінгі табылған 6 шахтердің аты-жөнін анықтап жатырмыз. ДНҚ зерттеу жоспарланып отыр. Осыдан кейін ғана (тізімді» жариялай аламыз. Менің ойымша, бұл 3-4 күн алады», — деді Сырым Шәріпханов.

Айта кетейік, 28 қазан сағат 02:33-те Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада апат болды. Соңғы мәлімет бойынша, қазақ тапқандар саны 46-ға жеткен.

Осыған байланысты Қазақстанда 29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Другие новости

Back to top button