Улытауская область

«400 шақырымды 15 сағатта жүреді»: Жүргізушілер пайдалануға берілгеніне жарты ғасыр болған жолдың азабын айтты

Қызылорда мен Ұлытау облыстарының арасында жүретін жүргізушілер небәрі 400 шақырым жолды 15 сағатта жүріп өтеді. Көктем шыққалы еріген қардан күре жол аяқ алып жүре алмайтын батпаққа айналған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Екі облыс арасындағы жолдың қолайсыздығынан соңғы тәулікте 75 көлік батпаққа батып, жолда қалған. Салдарынан көлік жүргізушілері құтқарушылардың көмегіне жиі жүгінеді. Ал көмекке келген құтқарушылар автокөліктерді ауыр техникалармен сүйреп шығаруға мәжбүр. Кеше Астанадан Қызылордаға шыққан көлік жүргізушісі Ғалымжан Тұрәлиев араға бір күн салып діттеген жеріне зорға жеткен. Жүргізушілердің бар тілегі елді мекені жоқ, желі ұстамайтын жолда жападан жалғыз қалып қоймау.

“Көктем мен қыста көлік жүргізушілерінің көрген күні осы. 150 шақырымды жақсы жүріп барасың, әрі қарай анық 13 сағат жүресің. Қыс пен көктем мезгілінде қиын. Жаздың күні шаңнан жүре алмайсың. Үлкен тастар дөңгелектен дөңгелек қоймайды”, – дейді Ғалымжан Тұрәлиев.

Бұл тас жолдың пайдалануға берілгеніне 50 жыл болған. Содан бері қайта жөндеу жұмыстары екі жыл бұрын ғана басталыпты.

“Көліктердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылдан бастап тас жолдың Қызылорда облысына қарасты бөлігінде қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал Ұлытау облысы бойынша бұл жұмыстар осы жылдың екінші жартыжылдығында басталу керек. Жауаптылар қазір тас жолдың Ұлытау өңіріне қарасты бөлігін жөндейтін компанияға конкурс өткізіліп жатқанын жеткізді. Ал көлік жүргізушілері неше жылдан бері армандаған тас жолдың құрылысы тағы да созбалаңға салынбаса деп тілейд”, – дейді “Қазавтожол” АҚ Пайдалану департаментінің жетекші менеджері Дінмұхамед Еркін.

Бұған дейін Семейде көпір қоршауы құлап, қала тұрғындары интернетсіз қалған еді.

Другие новости

Back to top button