Выбор редакцииСоциум

«400 астамы тыңшы болған»: Ұлыбритания Ресейдің қитұрқы әрекеттерін жариялады

Әлем бойынша Ресей елшіліктерінің 600-ден астам қызметкері шығарылғанын хабарланды

Британдық қарсы барлау бөлімінің басшысы МИ-5 Кен Маккаллум Ресейдің шетелдегі барлау агенттерінің көптеп әшкере болғанын хабарлады. Маккаллумның айтуынша, Ұлыбритания көптеген жылдар бойына Ресейдің агрессиясына дайын болуы керек, деп хабарлайды BBC агенттігі.

Ұлыбританияның алдында тұрған қауіп-қатерлерге қатысты жыл сайынғы есепте қарсы барлау басшысы бүкіл әлем бойынша Ресей елшіліктерінің 600-ден астам қызметкері шығарылғанын хабарлады. Оның айтуынша, ресейлік дипломаттардың 400-ден астамы тыңшы болған.

«Бұл еуропалық тарихтағы ресейлік барлауға ең күшті стратегиялық соққы», — деп атап өтті Маккаллум.

Дипломатиялық келісіммен жұмыс істеген 23 ресейлік тыңшы тек Ұлыбританиядан қуылған. Тіптен жүзден астам ресейлік дипломат қауіпсіздік мақсатында дипломатиялық визадан бас тартқан.

«Біз алаңсыз отыра алмаймыз. Алдағы жылдары Ресейдің Ұлыбританияға қарсы ашық немесе жасырын агрессиясына дайын болуымыз керек», — деді қарсы барлау агентінің басшысы.

Оның айтуынша, Ресей бұдан кейін де Ұлыбританияға тыңшылар мен кибершабуылдарды азайтпайды, сондай-ақ энергия бағасының қасақана өсуіне ықпал етіп, халықты мақсатты түрде жалған ақпараттармен адастыруын жалғастырады.

Демократия мен экономикасы айтарлықтай дамыған еуропалықтарға Иран мен Қытайдан да қауіп аз емес. Биылғы жылы МИ-5 агенті Иранның британдық азаматтарды немесе Ұлыбританияда тұратын өз адамдарын ұрлап немесе өлтірмек болған 10 әрекетін анықтаған. Сонымен қатар тағы 8 террористік шабуылдың алдын алған. Өткен аптада да британдық полициясы елде тұратын және жұмыс істейтін бірқатар ирандық журналистің өміріне қауіп төніп тұрғанын ескертті.

МИ-5 басшысының айтуынша, тағы бір «үлкен және мәңгілік сынақ» бар. Мысал ретінде, ол жақында Манчестердегі Қытай консулдығында демократияшыл қозғалысқа қатысушылардың біріне шабуыл жасалған жағдайды келтірді.

«Біз мұндай репрессияның барлық жаңа белгілерін көріп отырмыз. Бейжің шетелдерде құрған полиция бөлімшелері көп. Ресми түрде Қытай азаматтарына әкімшілік мәселелерді шешуге көмектесуге арналған бұл учаскелер шындығында, режиммен келіспейтіндерге қысым жасайды және оларды түрлі сылтаумен, соның ішінде бопсалау арқылы өз Отанына оралуға мәжбүр етеді.Біз Ұлыбритания азаматтарына немесе Ұлыбританияны өз үйі ретінде таңдағандарды қорқытуға, оларды қудалауға жол бермейміз», — деді Маккаллум.

Қаңтар айында Ми-5 Қытайдың агенттері британдық саясатқа әсер ету әрекеттерінің де жүріп жатқанын мәлімдеді.

Другие новости

Back to top button