Алматы

Алматыдағы «Ақкент» тұрғын үй кешеніндегі өртке қатысты екі қылмыстық іс қозғалды

Алматыдағы «Ақкент» тұрғын үй кешеніндегі алапат өрт оқиғасы бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД бастығының міндетін атқарушы полковник Ерлан Әлібеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өрт фактісі бойынша қалалық прокуратура ведомствоаралық тергеу жедел тобын құрды, оның құрамына анықтаушылар кірді. Екі қылмыстық іс қозғалды. Өрт-техникалық сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта жедел тергеу әрекеттері жүргізілуде», — деді спикер.

Еске салайық, біз бұған дейін Алматыда 16 қабатты үйде өрт болғанын хабарлағанбыз Қызыл жалын сағат 18:46 кезінде оқшауланып, сөндірілді. 31 адам, оның ішінде 16 бала ауруханаға жеткізілген болатын.Амалы қалмаған тұрғындар балаларын терезеден лақтырды. Зардап шеккендердің ішінде 2 жүкті әйел бар. Кейін Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы бір адамның қаза тапқанын хабарлады. Өрттен зардап шеккен тұрғындар тамақ және жатын орынмен қамтамасыз етілді.

Другие новости

Back to top button