Госорганы

36 млн теңгесін иемденген: астанада алаяқтық жасады деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталды

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 33 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Елордалық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні Алматы қаласынан ұстады. Күдіктінің екі ЖШС басшыларының арасында туындаған сот процесін шешуге уәде бергені анықталды. Заңды қызмет көрсету сылтауымен сенімге кіріп, ол процесті оның пайдасына шешуге уәде беріп, фирма директорының 36 млн теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адам қамауда.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті алаяқтардың құрбаны болмау үшін азаматтарды қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді. Бағалы заттарды немесе ақшаны бергенде қайтадан тексеріп, сақтық таныту қажет.

 

Другие новости

Back to top button