Социум

«3 градусқа дейін үсік күтіледі»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Күзгі салқын ауа райы

Синоптиктер 13-15 қыркүйектегі ауа райы болжамын жариялады.

Мамандардың хабарлауынша Қазақстанның солтүстік жартысына солтүстік-батыс суық антициклон әсер етеді. Республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, шығыстың таулы аудандарында, оңтүстік-шығыста түнде жаңбыр жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін.

«14-15 қыркүйекте шығыста қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді. Түнгі уақытта солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, 15 қыркүйекте шығыста, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда 3 градусқа дейін үсік күтіледі», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

 

Другие новости

Back to top button