Госорганы

25 қазанда ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істей ме

«Азаматтарға арналған үкімет» тұрғындарға ескерту жасады

Республика күнін мерекелеуге байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған орталықтар сәрсенбі күні азаматтарды қабылдамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары 26 қазанда өз жұмыстарын қайта бастайтын болады», — делінген хабарламада.

Еске салайық, ХҚО-лар әдеттегі кесте бойынша жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.

Кезекші орталықтар жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін, сенбі күндері 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Другие новости

Back to top button