Госорганы

21 қыркүйектен бері 200 мың шетелдік азамат ЖСН алуға өтініш берген

Бұл туралы Мәжіліс залында вице-министр мәлім етті

21 қыркүйектен бері Қазақстанға келген 200 мың шетелдік азамат ЖСН алуға өтініш берген. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Ресейде ішінара мобилизация басталғалы бері қазақстандық бірегей сәйкестендіру нөмірін алуға өтініш білдірген саны күрт артқан.

«21 қыркүйектен бері 200 мыңға жуық өтініш түскен. Өтініштердің бәрін шетел азаматтары берген», — деді ЦДИАӨМ  басшысының орынбасары.

Ол Қазақстанның ЖСН алуға қай елдің азаматтары өтініш бергені туралы әзірге ақпарат бере алмайтынын айтты.

«Мен ЖСН туралы нақты ақпарат бере алмаймын. Елімізде бизнеспен айналысқысы келетін немесе жұмысқа орналасқысы келетін, банктен есепшот ашқысы келетін кез келген шетелдік азамат ЖСН алуы тиіс», — деп түсіндірді Ә. Тұрысов.

 

Другие новости

Back to top button