ГлавноеГосорганы

2023 жылғы 14 қаңтарда Сенат депутаттарының сайлауы өтеді

Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды

Елімізде 2023 жылдың 14 қаңтарында ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өтеді. Бүгін Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 69-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімі 2023 жылы аяқталатынына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген құжатта.

Другие новости

Back to top button