Госорганы

2023 жылдан бастап Қазақстанда кімнің мобильді аударымдары тексеріле бастайды

2023 жылдан бастап қазақстандық банктер мобильді аударымдар туралы ақпаратты мемлекеттік органдармен бөлісуге міндетті. Осы орайда биыл кімнің ақша аударымдары тексеріле бастайтынын KAZ.NUR.KZ материалынан оқып, біле аласыз.

Мобильді аударымдар қазақстандықтардың күнделікті өміріне еніп кеткені соншалық, олардың көмегімен сіз көптеген қаржылық мәселені тез арада шеше аласыз.

Дегенмен, мобильді аударымдар кейбір кәсіпкерлердің салық төлеуден жалтаратын құралдарының біріне айналған. Осыған байланысты үкімет мобильді ақша аударымдарын бақылауға алу туралы шешім қабылдады.

Тиісті бұйрыққа былтыр қол қойылып, 2023 жылдан бастап екінші деңгейлі банктер банктік аударымдар туралы ақпаратты мемлекеттік органдарға беруге міндеттелді. Банктер қандай ақпаратты бөліседі Мобильді аударымдарды тексеру туралы Қаржы министрінің бұйрығын іске асыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Бірінші кезеңде (2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін) мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайларының, мемлекеттік қызметшілер теңестірілген тұлғалар мен олардың жұбайларының мобильді аударымдары тексеріледі. Енді мемлекеттік органдарға есеп беру кезеңі бойынша қажетті ақпарат ұсынып отыру жоспарлануда. Айта кетерлігі, аударымның барлығы емес, тек «кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан түсім алу белгілері» анықталған аударымдар тексеріледі.

Мәселен, бір жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банк шотына қатарынан күнтізбелік үш айдың ішінде 100 және одан да көп әртүрлі тұлғалардан мобилді ақша аударымдары түссе, күдік туындауы мүмкін.

Басқаша айтқанда, егер жүйе әр түрлі адамдардан тұрақты аударымдарды анықтаса, онда оларды тиісті органдар тексереді. Биыл сондай-ақ бұйрықты іске асырудың екінші кезеңі басталады, оның қорытындысы бойынша бюджет саласында жұмыс істейтін азаматтардың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайларының, яғни кірістер мен мүлікті декларациялаудың екінші кезеңіне қатысушылардың аударымдары тексерілетін болады.

2024 жылы кәсіпкерлерді, заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшыларын және олардың жұбайларын мобильді аударымдарын тексеру жоспарлануда, ал 2025 жылдан бастап бұл барлық қазақстандыққа қатысты болады.

Другие новости

Back to top button