Госорганы

2022 жылы экономиканың қай салаларында өсім мен құлдырау болды

Өткен жылы газ бен мұнай өндіру төмендеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісі — 9,4 пайызға, оның ішінде автомобиль жасау – 19,1, электр жабдықтарын жасау – 22,2 пайызға өсті. Сондай-ақ өсім келесі салаларда байқалып отыр: азық-түлік өндірісі – 3,9, мұнай өңдеу өнімдері – 1,9, химия өнеркәсібі – 10,2, сусындар өндірісі – 11,2, пластмасса бұйымдары – 2,1, жеңіл өнеркәсіп – 6 пайыз», — деді Әлібек Қуантыров.

 

Министрдің атап өтуінше, өсіммен қатар кейбір көрсеткіштердің төмендегені байқалып отыр.

 

«Атап айтқанда, тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 1 пайызға төмендеді. Салалар бөлінісінде өсім тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсетуде 15,9 пайызды құрады. Екі өндірістің көрсеткіші 0,7%-ке төмендеді, олар — көмір және металл кенін өндіру. Сондай-ақ, газ өндіруде – 1, мұнай өндіруде – 1,9 және өзге де пайдалы қазбаларды өндіруде 7,6 пайыз төмендеу тіркелді», — деді ол.

Другие новости

Back to top button