Госорганы

2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген көліктер заңдастырылмайды — Әкімшілік полиция

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген көліктерді заңдастыру мәселесі қарастырылмайтыны айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген көліктерге қатысты айтсақ, оларды заңдастыру мәселесі қарастырылмайтынын айтайын. Азаматтарға заңдастыру біржолғы сипатта болатыны ескертілді. Бұдан былай ел аумағында шетелдік автокөліктерді заңсыз әкелу мен пайдаланудың жолдарын болдырмау үшін шаралар қабылданады. Мәселен, ағымдағы жылдың 12 қаңтарынан бастап заңнамалық өзгерістерге сәйкес Қазақстан азаматтары шетелдік автокөліктеріне автосақтандыру шартын жасай алмайды», — деді комитет төрағасы.

Айтуынша, Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекс бойынша міндетті сақтандырусыз көлік жүргінгендер 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалайды.

«Сондай-ақ, аталған жағдайларда полиция

қызметкерлері автокөліктерді ұстап, оларды арнайы автотұрақтарға жеткізуге құқылы. Қазіргі уақытта ішкі істер министрлігі халық арасында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуде», — деді Қайсар Сұлтанбаев.

Другие новости

Back to top button