Алматы

20 мектептің жабдықтарына бөлінген 1,9 млрд теңге мемлекетке қайтарылды

Алматы қаласындағы 20 мектепке арналған мемлекеттік сатып алуларды қымбат бағамен жүзеге асырудан бас тартқаннан кейін бюджетке 1,9 млрд теңге қайтарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бұл тергеу нәтижесінде емес, превенция аясында әкімдік пен Антикордың бірлескен жұмысының арқасында анықталды. Тексеруден кейін 20 мектептің жабдықтарын сатып алу тоқтатылды», — деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.

1,9 млрд теңге көлеміндегі қаражат бюджетке қайтарылды.

Сонымен қатар, әкім атап өткендей, бүгінде мемлекеттік сатып алу саласында ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар объектілердің сапасына сәйкессіздік мәселесі өзекті болып қала береді.

«Өкінішке орай, қазіргі мемлекеттік сатып алу жүйесі жосықсыз жеткізушілерге қатысуға мүмкіндік береді. «Баға мен сапа» қағидасы әрдайым жұмыс істемейді, яғни арзан әрдайым сапалы бола бермейді. Мен бұған қарсымын. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң күшіне енеді, ол бойынша біз жеткізушілер мен олардың тауарлары талаптарға сай болады деп күтеміз. Сондай — ақ, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі артады», — деді әкім.

Другие новости

Back to top button