Госорганы

2 млн адамның жеке дерегі тарап кетті

Zaimer.kz («МҚҰ «ЖШС Робокеш.кз») микроқаржы ұйымының 2 млн. астам клиентінің жеке деректері тарап кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жалпы Robo.finance платформасында жұмыс істейтін микроқаржы ұйымдары клиенттерінің 36 млн-нан астам (РФ — 23,6 млн),  (zaimer.ru – 16.8 млн., adengi.ru -6.8 млн.),  Филиппин-5 млн. (digido.ph), Вьетнам — 2 млн (vietloan.vn) деректері анықталды.

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ таратылған деректерге талдау жүргізді, Цифрлық даму министрлігі клиенттердің жеке басын анықтау нәтижелері бойынша Азаматтарға EgovMobile мобильді қосымшасы арқылы тиісті хабарламалар жолдайтын болады», — деп хабарлады Цифрлық даму министрлігі.

Цифрлық даму министрлігі Қазақстандықтардың жеке деректері тараған дерекқор операторларына қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізуді жоспарлап отыр.

Осы орайда Цифрлық даму министрлігі өз тарапынан ұсыныстарын жариялайды:

— «Электрондық үкімет» веб-порталы немесе EgovMobile мобильді қосымшасы арқылы қарыз алудан ерікті түрде бас тартыңыз;

— егер банк қызметкерлерінен қоңырау түскен болса, онда әңгімені дереу үзіп, ресми байланыс деректері бойынша Банкке тікелей қоңырау шалыңыз;

— жасалатын операцияны растау үшін SMS-кодты хабарламаңыз (төлемдер, аударымдар және т. б.);

— интернет-банкингтегі жеке кабинетіңізден құпия сөздерді бермеңіз;

— банк картасының артындағы CVV / CVC кодын бермеңіз;

— үшінші тараптың мобильді қосымшаларын, соның ішінде құрылғыларға қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын орнатпаңыз;

— қаржылық шоттарда бірегей және күрделі құпия сөздерді қолданыңыз;

— қосымша қорғаныс үшін екі факторлы аутентификацияны қосыңыз;

— электрондық пошта тіркемелерін ашқан кезде, әсіресе олар бейтаныс жіберушілерден келсе абай болыңыз;

— күдікті интернет-ресурстарға (сайттарға)кіруден аулақ болыңыз;

— сенімсіз ресурстарда жеке ақпаратты бермеңіз;

— қаржылық операцияларға мониторинг жүргізіңіз.

Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 79-бабына және 641-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Другие новости

Back to top button