Социум
19 желтоқсан. Қазгидрометтің күн райына жасаған болжамы
Қазгидромет 19 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ҚР батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында, орталығында Моңғол антициклонының әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз сақталады.
Батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20 м/с болады деп күтілуде.
Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Алматы, Маңғыстау облыстарында, Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында тұман күтіледі.