Жетысуская область
«16 млн теңге жымқырған»: Жетісу облысында «Өркен» спорт мектебінің қызметкерлері тергеліп жатыр
Олар шын мәнінде нақты жұмыс істемеген алты адамға жалақы есептеу арқылы бюджет қаражатын заңсыз аударған
Бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен Жетісу облысындағы «Өркен» балалар-жасөспірімдер спорт мектебі қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, мекеме қызметкерлері 2015-2022 жылдары жұмысқа қабылданып, шын мәнінде нақты жұмыс істемеген алты адамға жалақы есептеу арқылы 16 млн теңгеден астам бюджет қаражатын заңсыз аударған.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жарияланбайды.