Спорт

«15 млн теңгедей қарызым бар»: ішімдіктен емделген Алмас Өтешов министр Мырзабосыновтан жұмыс сұрады (ВИДЕО)

Зілтемірші Алмас Өтешов «Уақыт көрсетеді» подкастына келіп, ішімдіктен емделгеннен кейін қандай күйде екенін айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Еліме қызмет еткім келеді. Өз білгенімді жас буынға үйреткім келеді. Өз саламда жұмыс істесем деймін. Көп жағдайды емделіп жатып өткізіп алдым. Жаңадан келген спорт министрі Ербол Мырзабосыновтан көмек сұраймын. Маған екі қолға бір күрек берсе, жастарға спорт бойынша білім беруге дайынмын. Жалпы министрліктен көмек беруін сұраймын. Сол ішімдіктің кесірінен көп дүниеден айырылдым», — дейді ол.

Алмас Өтешев қазір несиесін жаба алмай отырғанын айтып өтті.

«Несием жабылса, ертең-ақ бапкер болуға дайынмын. Менің ЖСН-імді айтайын. Өздеріңіз қарап алыңыздар, сенбесеңіздер. 15 млн 400 мың теңге қарызым бар. Көп дүниені көрдім. Жұмыс берген адамды ұятқа қалдырмаймын деп ойлаймын», — деді споршы.

Еске салсақ, Алмас Өтешовті ішімдікке салынып, күзетші болып жүрген жерінен Илья Ильян сауықтыру орталығында емдетті. Спортшы атағандай, оның еміне 2 млн теңге кеткен.

Серіктес жаңалықтары

Другие новости

Back to top button