Выбор редакцииКультура

«15 дубльге создым!» Айгүл Иманбаевамен сүйіскен жас актер алған әсерін айтты

Әлеуметтік желіні жиі шулататын Айгүл Иманбаеваның өзінен 15 жас кіші актермен құшырлана сүйіскен видеосы тараған еді. Қос әріптес сол романтикалық сәтте алған әсерімен бөлісіпті, деп хабарлайды Экспресс К. 

Айгүл Иманбаева мен Шерхан Пірназардың сүйіскен сәті «Ажырасам» фильмінен үзінді еді. Түсірілім алаңында өнердегі әпкесімен аймаласқан жас актер ерекше ләззат алғанын ашық айтыпты.

Айгүл ханыммен сүйісіп көру керек. Оны көзбен көріп, дәмін сезіну керек. Өзім әдейі 15 дубль жасадым. Өйткені түсірілімнің соңғы сахнасы болды, барынша создым. Бүкіл команда «сүйісіп-сүйісіп болған шығарсыңдар, қайтайық» деп ренжіді, қызық болды,

— актер Шерхан Пірназар.

Жас жігітпен сүйіскен Айгүл Иманбаеваға да сол сәт қатты ұнаса керек, ол да алған әсерімен бөлісті.

Сүйісті көру керек. Сүйісу 12 дубль болды. Сол кадр кинода 50 секундтың ішінде өтіп кетті,

— деді Айгүл Иманбаева.

Ғаламторда қызу талқыланған видео жайында Айгүл мен Шерхан «Хабар» арнасындағы «Оян» таңғы бағдарламасына берген сұхбатында айтыпты.

Айта кетейік, Экспресс К бұған дейін дәл сол киноның тұсаукесерінде Айгүл Иманбаева танымал сатирик Толымбек Әлімбекке ашық түрде сезімін білдіргені туралы жазған еді.

 

Другие новости

Back to top button