Госорганы

13 миллион 800 мың теңге: Жемқорлық туралы хабарлағаны үшін қазақстандықтарға қанша сыйақы төленеді

Жемқорлық туралы хабарлағаны үшін қазақстандықтарға қанша сыйақы төленетіні белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, сыйақы мөлшері 15 қыркүйектен бастап іске қосылады.

Жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК, 103 500 тг.
Ауыр емес жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК, 138 мың тг.
Орташа ауырлықтағы жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша– 50 АЕК, 172 500 тг.
Ауыр жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК, 241 500 тг.
Аса ауыр жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК, 345 мың тг.
Егер пара сомасы 3 млн 450 мың теңгеден асса, онда хабарлама авторына оның тек 10%-ы ғана, бірақ 4 000 АЕК-тен, яғни 13 млн 800 мың теңгеден аспайтын мөлшерде беріледі.

Другие новости

Back to top button